Жалынды жастарды сынаған жазғы «Жастар-2017» спартакиадасы өтті.
2017 жылдың 29 қыркүйек күні Новоишим қазақ орта мектебінің негізінде оқушылар арасында жазғы «Жастар» спартакиадасы өтті. Жарыста Ғабит Мүсірепов ауданының 37 мектебінен 500-ге жуық спортшылары қатысты.
Салтанатты ашылуы Новоишим қазақ орта мектебінің спорт алаңында өтті. Салтанатты ашылуға Ғ. Мүсірепов ауданының әкімі В.С Дудов, аудан әкімінің орынбасары А.Ж Тайшабаева, Новоишим селолық округінің әкімі С.М Айтмағанбетов қатысты.
Олимпиадалық ту көтеру құрметі Новоишим қазақ орта мектебінің ең жақсы спортшылары Кожахметов Диас — қазақша күрестен ҚР СШК және ҚР чимпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Қайырлы Дариға — шин кикушинкайдан қызғылт сары белбеу иегері және халықаралық турнир жеңімпазы, аудандық еркін күрес жүлдегері. Айбын Ілияс — шин кикушинкайдан қоңыр белбеу иегері, облыстық турнирлердің бірнеше рет жеңімпазы және Республикалық чемпионат қатысушысы, Ержуманова Зарина — аудандық жеңіл атлетика жарысының жүлдегеріне бұйырды. Олимпиада алауын Ильясова Сәния — аудандық ұзындыққа серкіру жарысының жүлдегері, Осипов Рустам — гирь көтеруден аудандық жарыс жүлдегері, Даурбеков Темірлан — аудандық жеңіл атлетикадан жүлдегер, Майлыбаева Альбина — аудандық еркін күрес жүлдегері, Бөгенбай Жомарт - аудандық және облыстық футболдан бірнеше рет жеңімпазы алып өтіп, облыстық жарыстардың еркін күрестен бірнеше рет жеңімпазы Қалықов Нұрым салтанатты түрде алауды тұтатты. Бір күн бойы өткен жарыстың қорытындысында Новоишим қазақ орта мектебі жүлделі 5 орынды иеленді. Оның ішінде 2000ж кіші оқушылар арасындағы футбол командасы ІІ орынға, еркін күрестен Ержұманов Дастан ІІ орынға, Сайран Ұлан ІІІ орынға ие болды.
Спорт десе ішкен асын жерге қоятын жалынды жастарға «Жеңісті күндерде жолыққанша...» дегім келеді.